Казак Deutsch English Русский Алғашқы бет E-Mail Баспа
компания туралы каталог cатып алушыларға жабдықтаушылаға контакттар
gfx/
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
дәм және сапа дәстүрі
сыйлықтар мен марапаттаулар
карта
 Жаңа өнімдер
 
 

ДӘМ ЖӘНЕ САПА ДӘСТҮРІ
    «Қарағанды Конфеттері» АҚ – даңқы тек Қазақстанға ғана емес, басқа да елдерге кеңінен танымал.
    Фабриканың тарихи 1956 жылдың қараша айынан басталады, бірақ-та 1941 жылы Қарағандыға кондитерлік өнімдерді шығаруға Астраханнан арналған эшелон қондырғылармен келген кезінен басталатын да тирихи бар.
    Қарағанды конфеттері әрқашан да өзінің сапасымен әйгілі. Өкінішке орай СССР-дың ыдырауымен, Ресеймен және тағы басқа елдермен экономикалық байланыстың үзілунен, оның жұмысы да ақсады.
    Мемлекеттен 85% фабриканың акциясын сатып алған ағылшын компаниясы «Ю-Ай-Джи» 1996 жылдың мамыр айынан фабриканы басқара бастағында фабрика жаңаша дамуға мүмкіндік алды.
    «Қарағанды Конфеттері» АҚ – Қазақстанда бүгінгі күнде тағам өнімдері өндірісінде алдағы кәсіпорындардың бірі. Фабрика кондитерлік өнімдердің 247 түрін шығарады. Фабрикада бір жылда – 12 000 тонна өнім шығарылады.
    1996 жылдан бастап жаңа цехтар салынды. Жаңа техналогиямен шоколадты конфеттер өндiретiн жаңа шоколадты-бисквит цехы жұмыс iстейдi, бұнда «Лиса Алиса(Түлкі Алиса)», «Артемон», «Буратино», вафли, торттардың 10-нан астам түрлерi өндiрiледi.
    «Пикник» үлпiлдек тәттiлерiн және «Хруст» чипсын үлкен ассортиментте шығаратын экструдер цехы ашылған. Қазiргi кезде цехта ертеңгiлiк құрғақ ас шығаратын қондырғылар iске қосылды, әр түрлi пiшiндегi, дәмдi және хош иiспен ерекшеленген дақыл өнiмдерiнiң түрлерiн кенейтуге жол бередi. Қазақстан бойынша бiр ғана көп қатпарлы батон шығаратын цех жұмыс iстейдi. «Пинг-Понг», «Гном», «Вампир», «Зиг-Заг», «Чемпион Йогурт(Йогурт Женімпаз)», «Чемпион Клубника(Құлпынай Женімпаз)», «Фламинго» конфеттерiн шығарады.
    Фабриканың 45 жылдық мерейтойына (2001) байланысты пралине сияқты конфет шығаратын жаңа жүйе iске қосылды. Ендi онда «Мальвина», «Матрешка», «Винни-Пух», «Чунга-Чанга» сияқты жаңа конфеттерден басқа және бәрiне бұрыннан таныс «Белочка(Ақ тиын)», «Маска», «Каракум», «Красный мак(Қызыл көкнәр)», «Ну-ка, отними(Кәне тартып ал)» сияқты сүйiктi конфеттерi шығарылады.
    2003 жылдан бастап шокаладтар өндiретiн көлемдi жүйе жұмысын бастады. Фабриканың технологтарымен «Сердечко(Жүрек)», «Бутылочка(Бөтелке)» және «Курочка Ряба» конфеттерiнiң құрамы оңделдi.
    Мармеладты-шоколадты және бисквиттi-шоколадты цехтарын кенейту жоспарлануда. Мармеладты-шоколадты цехтың өндiрiс көлемiн екi есеге ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн глазурьлi және помадты конфеттер өндiру бойынша жаңа жүйе ашылды. Зефир, шоколадты зефир дайындау бойынша жүйенi iске қосатын жаңа иристi-шоколадты цех жұмысын бастайды.
    «Қарағанды Конфеттері» АҚ – түрлі халықаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы. 2003 жылдың тамыз айында Мәскеу қаласында «Қазақстанның Ресейдегi күндерi» бағдарламасының шеңберiндегi көрмеге кондитерлiк фабрика қатысты. 2004 жылдың сәуiр айында Германияда өткен «Hannover-Messe 2004» халықаралық көрмеде Қазақстанның үздiк кәсiпорындарының құрамында. Фабриканың өзінің аккредитті сынақ орталығы бар, ол өздеріне сертификаты сынақтан кондитер өнімдері мен шикізаттарды сертификациялық сынақтан өткізулеріне мүмкіндік береді.
    «Қарағанды Конфеттері» АҚ өзінің өнімдерін Қазақстанның барлық жерлерінде, өзінің дербес ұсынушылары, дүкендері, 12 қалалардағы қоймалары арқылы және Ресей мен Германияда таратады.     Сіздерге әшекейленген қорабта, дәмді дәстүрлі және сапалы жасалған шоколадтар, вафельді-мармеладтар түртүрімен ұсынылады.
| жоғарыға | | компания туралы | | жаңа өнімдер | | каталог | | прайс-парақ | | контакттар |
© 2004 Барлық құқықтарға "Қарағанды Конфеттері" АҚ ие